СҚО Уәлиханов ауданы Кішкенекөл қазақ-мектеп гимназиясының тарихы
Мектеп алғаш 1928 жылы Қызылту №3 сегізжылдық орыс мектебі болып құрылды. Алғашқы директоры Мүтәш Сыздықұлы Сыздықов- математика пәнінің мұғалімі, Отан соғысының ардагері, Білім ісінің үздігі.
1962-1969 жылдары мектепке Сұлтан Бижанов, 1976-1980 жылдары Вера Андреевна Нацаренус, 1981-1990 жылдары Мариям Дәуренбекқызы Сатпаева басшылық етті.
1990 жылы мектеп Қызылту №3 орта мектебі болды. Директоры- Райхан Мамайқызы Махметова. 1993-1995 жылдары Амангелді Набиевич Сейтмағанбетов мектеп басшысы қызметін атқарды.
1995-1998 жылдары мектепті Білім ісінің үздігі Марал Иманғалиқызы Темірова басқарды. 1997 жылы қазақ орта мектебі атауы берілді.
1998-2003 жылдары мектепке Білім үздігі Зәйниден Алижанұлы Алижанов басшылық етті.
2000-2001 оқу жылынан бастап Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы статусына ие болды.
2003-2012 жылдары Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының директоры Ескербек Тауфихұлы болды.
2012-2017 жылдары мектеп-гимназия директоры Марфуға Қайрденқызы Дюсембекова.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап «Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназия» КММ директоры Ержан Қайратұлы Каментиков.
1990-1991 оқу жылдарында 132 оқушы оқып , 24 ұстаз қызмет атқарды. Осы жылдары Министрлік құрмет грамотасымен марапатталған Жабыкбаева Гулсум Жабыкбаевна, Мариям Дауреновна Сатпаева, Дамежан Камежановна Камежанова және ұстаз-әдіскер төс белгісімен марапатталған Рузия Каратайқызы Мукашева сынды тәжірибелі ұстаздар еңбек еткен. «Отличник просвещения » төсбелгісімен марапатталған Темирова Марал Имангалиевна оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Алғаш күннен бастап қазақ сыныптарының мұғалімдерін қайта даярлықтан өткізу мәселесі қолға алынып, аудан көлемінде барлық қазақ мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне семинарлар, педагогикалық оқулар Райхан Мамаевна Махметованың ұйымдастыруымен №3 орта мектеп қабырғасында өтті. Ерекше ат салысқан АББ әдіскерлері Гүлмайра Шаяманқызы Серікбаева, А Ташенқызы, АББ басшысы Есенов Жәнібек Мұқанұлы. Қазақ мектебінің мұғалімдеріне бағыт – бағдар беріп, сабақ берудің әдіс – тәсілдерімен ой бөлісетін арнайы мұғалімдер тобы құрылды. Топ құрамындағы мұғалімдер: З.А.Жумажанова, Р.Қ.Хусаинова, Г.Ш. Серікбаева семинарлар өткізіп, дәрістер оқыды.
1999-2000 о.ж. қазақ мектебінде оқу-тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған «Атамекен» этнографиялық бағдарламасы негізінде жүргізілді. «Атамекен» ұйымы құрылып, жақсы оқуы мен үлгілі тәртібімен ерекшеленген оқушылар: Абенова Сәуле, Жахин Нұрлан ауданымыздағы тұңғыш ұйымының алғаш жетекшілері болды.
2000-2001 оқу жылында мектеп директоры З.А.Алижанов; Оқу ісінің меңгерушісі К.Н.Кожахметова; Тәрбие ісінің меңгерушісі З.А.Жумажанова; бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.М.Қадирова еңбек еткен уақытта № 3 қазақ орта мектебіне қазақ мектеп - гимназия статусы берілді.
2008 жылы Республикалық қазақ мектептері арасында өткен оқу тәрбие жұмысы бойынша байқауға қатысып, қазақ мектеп – гимназиясы үздік мектептер қатарынан көрінді.
Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай облыста өткен шарада «Уәлиханов ауданының болашағы» атты макет ұсынылды. Бұл істі жауапкешілікпен атқарғандар: мектеп басшысы З.А.Алижанов, ТІМ З.А.Жумажанова еңбек пәні мұғалімдері: А.З.Шокенов және сурет мұғалімі О. З. Сейітов.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектер: А.К. Галямова АҚШ Пенсильвания университетінің химия факультетінде, О.Б.Ануаров Астана қаласында ашылған Тұңғыш Президент интеллектуалды физика-математика бағытындағы мектепті алғашқылардың бірі болып аяқтап, Чехияда оқыған. 2014-2017 ж.ж. аралығында «Алтын белгі» иегерлері: Кәрім Диляра, Сербай Нұргүл, Бопаш Дамир, Сәбит Раян, Исин Нұрлан.