Меню KDT




Тегі, аты, әкесінің аты   
                     Каментиков Ержан Кайратович

Лауазымы, жұмыс, қызмет орны       Кішкенекөл қазақ  мектеп-гимназиясының                                                                                                   
                                                              мектеп- директоры,  
математика пәнінің мұғалімі                                                                        

Туған
 жылы мен туған жері        19.01.1989ж,  СҚО Уәлиханов ауданы,  Мортық  ауылы                            

Білімі:                                            жоғары, 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы

                                                       Көкшетау мемлекеттік университеті,математика факультеті  

Марапатталуы:                           Аудан әкімінің алғыс хаты 2011ж.

                                                      Аудандық білім бөлімінен 1 дәрежелі  диплом- 2015ж                                                                              

Жалпы жұмыс өтілі:                     13,6 жыл
Басқару орнындағы жұмыс өтілі   6,6 жыл

     Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз рөлі ерекше. Осындай ерекше ұстаз Кішкенекөл қазақ мектеп- гимназиясында қызмет атқарып жүрген математика пәнінің мұғалімі Каментиков Ержан Кайратович.
Ержан–  ұстаздық жолды жаңа бастап келе жатқан жас мұғалім. Дегенмен, кәсіби біліктілігі жоғары, өз ісін жақсы көруімен ерекшеленетін, шәкірттерімен тіл табыса алатын шебер ұстаз. Ол әр сабақта бағдарламалық материалдарды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырып оқушыларға жетік тілмен түсіндіріп, күнделікті сабаққа мұқият дайындалып отырады. Өз тәжірибиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра біледі. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Оның ерекшілігі-  жүйелі де тиянақты білім беру, баланың өз сабағына деген қызығушылығын арттыруға көп көңіл бөлуі.
    Ержан Кайратович – балалардың сүйікті ұстазы, сүйенер тірегі, арқалар ақылшысы. Мұғалімнің адамгершілігі, талапкерлігі, балаға қамқорлығы, шыншылдығы, оқушы жүрегіне жол таба білуі, жинақылық пен ұстанымдық қасиеттері оқушыларға өнеге. Сабағын балаларға жеңіл де түсінікті тілмен жеткізе біледі және әртүрлі тәсілдерді қолданып, балалардың пәнге қызығушылығын тарта біледі.Әлі ұстаздық жолы қысқа болғанымен көптеген жетістіктерге жеткен. 
   Аудандық «Педагогикалық шеберлік -2015» атты сайысының «Педагогикалық дебют» номинациясы бойынша 1 орын иегері атанды. Оқушыларының жетістіктерін айтатын болсақ, шәкірттері аудандық олимпиадаларда биіктен көрініп жатады. Ержан Қайратовичтің ұстаздық жолдағы ең басты жетістігі 2016жылдың 11 сынып түлегі Сербай Нургуль  ҰБТ-де математикадан 24 балл алып «Алтын белгі» иегері атанды.

Ата-аналар назарыңа!

Ақшаңызды сақтағыңыз келсе!

КММ Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының директоры Каментиков Ержан Қайратұлы

     Біз Facebook та

Болашақта қандай маман иесі болғыңыз келеді?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда46
  • Осы аптада8
  • Кеше1
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер