Меню KDT

Пікір




 


   Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл қазақ мектеп –гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Габбасова Бахытгуль Шайкеновнаға

 

Пікір

 

     Габбасова Бахытгуль Шайкеновна, Кішкенекөл қазақ мектеп–гимназиясында бастауыш сынып  мұғалімі болып қызмет атқарады.  Білімі – орта арнаулы. 2002 жылы Көкшетау қаласы Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сыныпта оқыту мамандығы бойынша бітірді. Біліктілік санаты – бірінші. Еңбек өтілі – 14 жыл. Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстар,  мемлекетіміздің болашағы деп тану үшін оқушыға сабақты түрлендіріп, қызықты ұйымдастырып отырады.

       Заман талабына сай әр сабақты жаңаша жоспарлап отырады. Сабағында  топтық,жұптық жұмыстар ұйымдастырады. Балалары сабақта еркін сөйлеп , ойларын сенімді түрде жеткізе алады. Соның нәтижесінде оқушылары пән олимпиадаларының, ғылыми жоба «Зерде» басқа да интеллектуалды байқаулардың қатысушылары, жеңімпаздары.Қайркелді Алмас «Зерде» ғылыми жобалар байқауына «Қасиетті сусын-қымыз» тақырыбында жобасын қорғап, 2-ші орынға ие болды.Сондай-ақ атап өтпеске болмақ, бастауыш сыныпты үздікке бітіріп,қазіргі таңда Петропавл қаласында қазақ-түрік лицейінде білімін жалғастырып жүрген Нурланов Ернар деген оқушысы үлгілі оқушыларымның бірі болған. Өзінің іс-тәжірибеммен мектепішілік  семинарларда, аудан көлемінде өтіп жатқан семинарларда ашық сабақтар,ашық тәрбие сағаттарын беріп бөлісіп тұрады.  Әр түрлі республика және аудан көлемінде өтіп жатқан байқауларға қатысып, сертификаттарға ие болды.

      Бахытгуль Шайкеновна өз ісінің маманы, білікті ұстаз.

 

                                     

                                   Бастауыш сынып мұғалімі: А.Б.Рыскельдина


 

 

Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл қазақ мектеп –гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Габбасова Бахытгуль Шайкеновнаға

 

Пікір

 

    Бір мұғалім бар - алдынан тез кеткің келеді,

    Бір мұғалім бар - қуып жеткің келеді,

    Ұстаз бар - алдынан мәңгі жүріп өткің келеді, - деп ақын жырлағандай, мұғалім болу аса жауапкершілікті іс деп білемін. Осындай жаһандану заманында біздің ұстаздарымыздың мойнына артылған жүк ауыр.                    

      Габбасова Бахытгуль  Шайкеновна мені бастауыш сыныпта оқытып,

өз білімін аянбай берген ұстаздардың бірі.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру,жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Менің алғашқы ұстазым әсерлі үнімен,мәнерлеп сөйлеген сөзімен балаларды өзіне жақын тарта білді. Сол балалармен көптеген іс-шаралар өткізіп,сабақты қызық та ,тартымды өткізген кездері есімде. Біздің екінші анамыздай болып та кетті.

      Бауыржан Момышұлы : «Ұстаздық – ұлы құрмет.Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғылымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсірді.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.Сондықтан да осы күнгі менің әр жемісіме өз үлесін қосқан,жанашырлық танытқан,оқуға баулыған аяулы ұстазыма алғыс айтамын.Бастауыш сыныпты үздік бітіріп,6 сыныптан кейін түрік-қазақ лецейіне оқуға түскенім де осы ұстазымның арқасы деп білемін.Өйткені білімнің алғашқы сатысы бастауышта берілетіні бәрімізге де белгілі.

Әрине,бұл шәкірт ойы,шәкіртінің ұстазына деген зор алғысы деп білерсіздер.

      Бахытгуль Шайкеновна ешқашан қанатыңыз талмасын,арманыңыз –асқақ,әлі де алдыңыздан талай бүлдіршіндер шығып,еңбегіңіздің биік асқарына жетіңіз демекпін.Қазіргі шәкірттеріңіздің қадамына гүл,келбетіне нұр ,қиялына қанат бітсін!

 

 

 

                                 Петропавл қазақ –түрік лицейінің

                                                           8 сынып оқушысы:            Нурланов Ернар

 

                   


 

 

 

Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл қазақ мектеп –гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі Габбасова Бахытгуль Шайкеновнаға

кәсіби-педагогикалық қызметі жөнінде

 

Пікір

 

      Габбасова Габбасова Бахытгуль Шайкеновна 4 сынып мұғалімі.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерінің меңгеруіне ықпал ететін тұлға-ұстаз.Қазіргі кезде жас ұрпақты сапалы біліммен,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ұстаздың орны ерекше деп білемін.Шәкірттерін ізденіске баулып,қызықтыра білетін ұстаздардың бірі-Габбасова Бахытгуль Шайкеновна.

     Білім беру саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың бірі.Үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге ,жаңа технологияларды меңгере отырып,оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын, өз ісіне адал жауапкершілікпен қарайтын

маман. Күнделікті сабақтары да,ата-аналар жиналыстары мен іс-шараларды қызықты өткізе білетін, өз мамандығының шебері деп білемін.Ата-аналармен сайыстар,дөңгелек үстелдер мен топтық жұмыстар өткізіп отырады.

     Әр баламен,ата-анамен тез тіл табыса біледі. Балаларымыздың әрбір жетістігі мен кемшіліктерін үнемі қадағалап,бізді хабардар етіп отыру мұғалімнің назарынан тыс қалмайды. Үнемі оқушыларды адал болуға,ұйымшыл болуға шақырып отырады. Бір-бірімізді қолдап,көмектесіп отырсақ әрқашан биіктерден көрінеміз деп айтып отырады.

    Әр баланы назардан тыс қалдырмай алға қарай жетелеп келе жатқанына ризашылығымды білдіремін.Жұмысыңыздың жемісін көріңіз демекпін!

 

  

                                   4 «А» сынып оқушысы

                                    Абай Айгерімнің анасы:   Мұхамеджанова Бағлан

 















Каментиков Ержан Кайратович директор КГУ Кишкенекольской казахской школы-гимназии

Ваш любимый предмет:

Голосовать

  • За месяц306
  • За неделю91
  • Вчера15
  • Сегодня13
  • Онлайн:0

Полезные ссылки