Меню KDT

Габбасова Бахытгуль Шайкеновна


4-сынып "Құстар біздің досымыз" ашық тәрбие сағаты

Мақсаты : Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру.Дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту.Табиғатты сүюге,құстарды аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : құстардың суреттері,нақыл сөздер,құстар туралы сюжетті көріністер,интерактивтік тақта. «Қызыл кітапқа» енген құстар туралы,ұялар

Қолданылатын жаңа технологиялық әдістер: деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі

Ал,балалар ,қонақтар,

Бәрің бері қараңдар.

Тіршіліктің бастауы,

Көктем келді далама,

Бәріміз бірге қол соғып

Көктемді қарсы алайық.

Жоспар

1-бөлім: Құстар - біздің досымыз!
2-бөлім:  Жұмбақтар шешу
3-бөлім: Ертегілер елінде 
4-бөлім: Міне қызық!

5-бөлім: Артық болмас білгенің  
6-бөлім:Таң қалмаңыз!

7-бөлім: Оқушылар шығармашылығы

Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? Жылдың қай мезгілі?

 -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Құстар патшалығына” саяхатқа барамыз.Сендер саяхатқа шығу үшін 2 топқа бөлініп отырсыңдар.

1-топ:қарлығаш

2-топ: көгершін

 Миға шабуыл.(Виктариналық сұрақтар қойылады)

1/ Басында  тарағы бар, бірақ  шашыңды  тарай алмайсың.  (әтеш)

2/ Ең кішкентай құс?   (калибра)

3/ Қай  құс өзінің атын қайталайды?   (көкек)

4/ Құстың негізгі мекені.  (ұя)

5/ Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)

6/ Қай құста мүлде ұя болмайды.    (көкек)


 Ой шақыру.Құстардың дыбыстары (Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)

-Балалар ненің дыбысын естіп тұрмыз? (оқушылар ойы)

Мұғалім:«Көк құрақ –көлдің сәулеті,құс пен аң ердің сәулеті» дегендей,адамдардың  ең жақсы көретіні құстар .Олардың мың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды.Қанатты достарымызды республикамыздың қай жеріне барсақ та, кездестіреміз.Өйткені,туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне, мүмкіндік жасайды.

Тақтада беріледі:Құстар,құстар келеді Жерді шуға бөледі Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді. Ән құрадым әніммен Сән құрадым гүліммен Қуантамын бәріңді Құт-береке күнімен

Бүгін бізде көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстарбіздің досымыз» атты тәрбие сағаты.

Мұғалім:Құстарды  тани білесің бе? (тақтадағы суреттер арқылы ауызша айту)

-Ал балалар құстар туралы білімдеріңе сүйенейік, біз не білеміз? (оқушылар ойы)

1-оқушы:Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері. 2-оқушы:Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды. 3-оқушы:Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл-күйін көтереді. 4-оқушы:Жыл құстары дегеніміз-Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. 5-оқушы:Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келеді.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.

1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!» Мұғалім:1)Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар.әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген. 2)Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған. 3) Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
4) Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған. 5) Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. Мұғалім: Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға  теңеген.
 2 бөлім: Жұмбақтар
 шешу

Балалар мен сіздерге жұмбақ жасырайын. Жұмбақтың шешуін тауып           3 тілге аударып отырсаңдар, біздің тәрбие сағатымыз одан бетер ажарлана түспек.

  1. құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес,құс та емес Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ-сова- owl,авл)
2.Заң жоқ еш уақытта,

Оларды атуға.

Түсі де аппақ,

Аты да аппақ.                       (аққу-лебедь-swan,свуан)  
3.
Бәсеке тігем бұл шыным Құрт,қоңыз,аулап жарысам Орман дәрігері боп табылам  (Тоқылдақ-дятел-woodpecker,вудпокэр )
4.Түсі қара мақпалдай Төсі ақ сыр жаққандай Ұшса оқтай зулайды Көктен жұлдыз аққандай  (Қарылғаш-ласточка-swallow,сволев)
5. Биікте ұшып жүреді,

     Елік ,қоян бүреді.

      Қия таста ұясы,

      Бұл қай құс кім біледі ?       (Бүркіт-беркут-Golden eagle,голден игл)
6.
Сірә оның атында Өзге ұяға із тастап Мен деп жар сап жүреді  (Көкек-кукушка- cuckoo,куки  )
3-бөлім  «Ертегілер елінде»  Бөдененің құйрығы неге қысқа?

Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс асып өте алмапты.  Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ,  шамалары келмепті.Бүркіттің ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидыңатақтысы келіпті, ол да аса  алмапты. Ең соңында «енді кім қалды?»-дегенде, бөденеден басқаның бәрі сыннан өтіп біткен екен. Бөдененің атақтысы шақырылыпты.

-Тәуекел!-деп, бөдене ұша  жөнеліпті. Шырқап көтеріліп барып,  таудан ол да аса алмапты. Сонан соң ызаланған бөдене зымырап  құйылғаннан құйылып кеп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол таудың ар жағына бір-ақ  түсіп кетіпті. Міне, содан бері қарай бөдене қонғанда аяғымен қонбайды,  көкірегін жерге  соға қонады. Ал, құйрығы нағып қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып қалып қойыпты. Әйтпесе, бұрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек.

Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар әрі қарай бөдене тескен тесіктен асып барыпты дейді.

-Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?

Екі топ құстар туралы мақал-мәтелдер айтад

Қызық дерек:Аққу -300 жыл,тау қыраны 150-170 жыл,бүркіт пен тоты 120 жыл,қарға 100 жыл, жабайы қаздар 80жыл,әнші құстар 20-30 жыл,бозторғай 13-14 жыл.ал тырналар 40 жыл өмір сүреді екен.

4-бөлім: Міне қызық! «Биші құстар»туралы видио-ролик.

5-бөлім:  «Халық болжамдары»

Мұғалім:Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік.Үй тапсырмасы ретінде берген болатынмын. (оқушылар дайындап келген) *Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады. *Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады. *Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады. *Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады. *Шымшық ұя салса,қыс қатты болады. *Шағала келсе сең бұзылады. *Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.

*Егер торғай дыбыс шығармай, бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды. Ал қарғалар топтанып қарқылдаса,аяз болады.Ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса,қар жауады.

*Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.Ауа-райы бұзылады. Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

Керек дерек:Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.Қазақстан республикасында 474 құстың түрі бар екен.

6-бөлім:Таң қалмаңыз! «Әлемдегі ең әдемі құстар» туралы видио-ролик.

7-бөлім «Оқушы шығармашылығы» (Оқушылардың өздері дайындаған  ұялары мен суреттері)

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

Қосымша:Берілген әріптерден  құстардың аттарын құрастыр:

Қ,М,О,Ж,П,Р,Ғ,Л,А,И,Ү,С,Ш,К,Ө,У,Б,З,Ы,Е,Т,І,Д,Г,Н(уақыт артылса)

Қорыту: Ән«Құстар әні»

Құрметті достар,көктем жаршысы,  адамзаттың досы болған құстарды аялайық.оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз  алдыңа    Еліміздің болашағы –білімді ұрпағында.Білім аспанында қалықтап ,құсша шарықтап ұшайық.Елімізде бейбітшілік болып,бейбітшіліктің ақ құсы аспанымызда шарласын !

Кері байланыс:құстарға тілектер жазып,ұяларға қондырады.

 

   

     

Каментиков Ержан Кайратович директор КГУ Кишкенекольской казахской школы-гимназии

Ваш любимый предмет:

Голосовать

  • За месяц70
  • За неделю12
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки