Меню KDT

Ата-аналарға
1.Оқушылардың оқу құжаттары
Әрбір оқушы қалыптасқан үлгі бойынша толтырылған күнделікті өзінде ұстап, мұғалімнің сұрауы бойынша ұсынуға міндетті.
Апта сайын оқушы күнделігін ата-анасына ұсыну керек.
Қорытынды бағалары мен мұғалімдердің ескертпелері де ата-ана назарында болуы үшін, қол қоюға берілуі керек.
Сабақты босатқан жағдайда оқушы сынып жетекшісіне түсініктемесін беруге міндетті: медициналық анықтама немесе ата-ананының өтініші.
Себепсіз босатқан оқушы мектеп директорының атына жазылған түсініктеме беріп, сабаққа жіберілуі мүмкін.
Оқу бағдарламасын меңгерген мәліметтер әрбір оқушының жеке құжатына тіркеліп, мектептің оқу бөлімінде сақталады
                  2.Оқу уақытын ұйымдастыру
  • Мектептегі сабақтар мектеп директоры бекіткен сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.
  • Бекітілген кестеден артық сабақ өткізуге тыйым салынады.
  • Сабақ өткізу уақыты 45 минут.
  • Үзіліс уақыты мектеп директорының бұйрығымен анықталады.
  • Қоңыраудан кейін сабаққа кіру кешіккендік болып есептеледі де, күнделігінде ескертпе жазылады. Сабаққа жиі кешігетін оқушылар мектеп әкімшілігіне түсініктеме береді.
  • Сабақтан кейінгі қоңыраудан соң мұғалім оқушыны бөгеуге құқы жоқ.
  • Сабақтан шығаруға тыйым салынады.
  • Оқушы мен мұғалімнің келісімі бойынша немесе мектеп директоры мен кезекші әкімшіліктің рұқсатымен оқушыны сабақтан босатуға болады.
  • Үлгерімін жоғарлату мақсатында оқушының, ата-ананың, және мұғалімнің келісімімен сабақтан кейін бақылау сынақтарын, қосымша сабақтарды өткізуге болады.  
                          3..Бағалау
  • Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес түрлі жұмыс түрлеріне баға қойып, оқушыға жариялайды.
  • Оқушының тәртібіне баға қойылмайды.
  • Уақытында тапсырылмаған немесе орындалмаған жұмысқа мұғалімнің қанағаттанарлықсыз деп бағалауға құқы бар.
  • Қорытынды баға қою үшін бағалар 3-тен кем болмауы керек.
  • Сабақты көп босатқан себебінен оқушының білімін бағалау мүмкіндік болмаса, оған әкімшілік бақылау жұмысы беріледі.
  • Әкімшілік бақылау жұмысы туралы оқушы мен оның ата-анасына алдын ала ескеріледі, бақылау жұмысы өткізілуі туралы хабар 10 күннен кеш болмауы керек.
  • Әкімшілік бақылау жұмысын себепсіз босатқан жағдайда мұғалімнің қанағаттанарлықсыз деп бағалауға құқы бар.
  • Қорытынды бағаны түзету үшін оқушы және ата-анасы жазбаша өтініш беру керек.
  • Ағымды бағаларды түзету мұғалімнің рұқсатымен болуы мүмкін.
  • Пед.кеңестің шешімі бойынша мектепте бағалаусыз оқыту рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда оқушыларды аттестаттау әр сыныпта жеке анықталады.
  • Тоқсан аяғында оқушы аттестатталмаған жағдайда демалыс уақытына қосымша сабақтарға қатысады.
  • Жылдық бағалауда аттестатталмаған жағдайда оқушыға міндетті түрде жазғы демалыс уақытына қосымша сабақтар қойып, күзде емтихан тапсыру талап етіледі.
  • Кеш дегенде жылына 2 қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда оқушы сол сыныпта қайта қалдырылады.
  • Жылдық бағалауды 1 қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ата-ананың өтініші мен пед.кеңестің шешімі бойынша келесі сыныпқа 1 тоқсан немесе жартыжылдыққа сынама мерзімге көшеді.

 
Жалпыға ортақ орындар
 
Асхана
  • Оқушылар белгілі кесте бойынша барады:

2 үзілісте – 1-4 сыныптар

3 үзілісте – тегін ыстық тағаммен тамақтандырылатын оқушылар;

4 үзілісте – 8-11 сыныптар.

  • Сынып бөлмесінде үйден әкелген таңертенгілік тағамдарымен тамақтануға болады.
  • Дәлізде, сатыда тамақтануға тыйым салынады.

Кітапхана

  • Оқушылар бекітілген кесте бойынша кітапханада тегін қолдана алады.
  • Кітапханадан алған кітаптар үшін оқушылар жауапты.
  • Кітапханаға қарызданған жағдайда оқушыға білім алу құжаты берілмейді.

Спорт залы

  • Сабақтан тыс уақытта үлкен және кіші спорт залында сабақтар арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
  • Спорт залында оқу тек спорт киім және арнайы аяқ киімде өткізіледі.
  • Қосымша сабақтар дене шынықтыру мұғалімінің келісімімен жүргізіледі.\

Дәліз

  • Дәлізде денсаулыққа зиян келтіретін заттармен ойнауға тыйым салынады.
Оқушылардың тәртібі

Оқушылардың тәртібі келісім Декларациясы, тәртіп ережелері, тәртіп кодексі мен мектеп жарлығы бойынша қадағаланады.

Аталған құжаттардағы берілген жазалау шараларынан басқа мынадай ескертпелер жасалынуы мүмкін:

  • Күнделігіне ескертпені жазу;
  • Мектеп бұйрығы бойынша жариялау;
  • Сыныптан тыс іс шараларына уақытша қатыстырмау;
  • Сынып жиналысында тәртібін талқылау.

Оқушыларға көтермелеу ретінде төмендегідей іс шаралар қолдануға болады:

  • Мектеп бұйрығымен оқушыға алғыс жариялау;
  • Мектеп Кеңесінің алғысын жариялау;
  • Мектептің Құрмет кітабына енгізу;
  • Мадақтамамен марапаттау;
  • Құнды сыйлық беру;
  • Құрмет атағын беру.
            Мектеп оқушыларының құқығы

  • Өзінің адамның қасиетін, отбасының намысын құрметтеуге.
  • Тегін білім алуға (бастауыш, негізгі, жалпы, мемкелет білім беру стандарттарына сәйкес негізгі, орта білім алуға).
  • Мектеп басқару органдарына сайлану:
  • Мектептің басқару органына сайлану, немесе сайлауға;
  • Референдумде сайлауға қатысуға.
  • Денсаулығын қорғауын кепілдеме беретін жағдайда білім алуға.
  • Өзін-өзін білім алуына жағдай жасау.
  • Қосымша (ақылы) білім алуына.
  • Мектептің іс әрекетінің жақсаруына, кемшіліктерін жою мақсатында сыни ескертпелер жасауға.
  • Мектеп кеңесі, мектеп әкімшілігіне оқушылардың құқы бұзылуы туралы арыз беру.
  • Оқу жоспарына сәйкес өтілетін іс шараларға қатысуға.
  • Оқу жылының кез келген кезеңінде оқу орнын ауыстыруға.
  • Кітапхана қорын пайдалану және тегін медициналық көмек алуына.
  • Жылына төрт рет келетін күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс кезеңдері, мектеп әкімшілігі қойған үзіліс кезеңдері, аптасына бір рет демалыс күнімен қамтамасыз етуге.
  • Бақылау жұмысының мерзімі мен көлемін алдын ала білуге (күніне 1 бақылау, немесе 2 өздік, немесе 3 жеке дара жұмыс).
  • Белгіленген баға жайында мұғалімнен түсініктеме алуға.
  • Тәртібі мен үлгерімін талқылауында қатысуға.
  • Өзі туралы мәліметті құпия ұстауға.
  • Өзінің жеке басының өміріне араластырмауға.
  • Зорлық-зомбылықтан сақтануға.
  • Білім туралы және білім алудағы құжаттарын алуға.
  •  ҚР Заңы, мектептің нормативтік құжаттарына сәйкес оқушының басқа да құқылары бар.
                                                   Мектеп оқушыларының міндеттері
  • Жауапкершілікпен оқу.
  • Мектеп Жарғысын, мінез-құлық және ар-намыc Кодексін, мектептің ішкі тәртіп ережелерін білу және сақтау.
  • ҚР рәміздерін білу және құрметтеу.
  • Мектеп басқару органдары, мұғалімдердің талабын, мектеп әкімшілігінің ішкі тәртіп сақтау ережелеріне сәйкес шығарылған заңды шешімдерін орындау.
  • Басқа адамдардың көзқарасы мен ойларын, қасиеттерін сыйлау, құқық сақтау.
  • Өз денсаулығын қадағалау, өзін қоршаған адамдардың өмірін қауіпсіздігін сақтау.
  • Мектеп мүлкін қолдану және сақтау.
  • Мектепте келтірген зиянды түзету және орнын толтыру.
  • Мектеп дәстүрін, оның беделін сақтау.
  • Мектеп ішінде және аумағында тазалықты сақтау.

                              Оқушыға қойылатын мектеп тәртібі мен талаптары туралы заң

Оқушы тәртібі туралы заң

1. Оқушылар мектептің ішкі тәртібі мен ережесіне бағынуы тиіс, біреудің құқығына қол сұқса, әлімжетттік жасауға тыйым салынады.

2. Сабаққа кешігуге тыйым салынады. Мектепке оқушылар 8сағ. 25 минуттан кеш келмеу керек.

3. Себепсіз сабақ босатуға болмайды.

4. Сабақтан сұранбай себепсіз кетіп қалуға болмайды.

5. Егер бір жағдай туындаса, міндетті түрде сынып жетекшіге, мектеп әкімшілігіне ескертіп рұқсатпен кетуге тиіс.

6. Үзілістен кейін сабаққа кешігуге қатаң тыйым салынады.

7. Сабақ үстінде, үзіліс уақытында, көпшілік ортада, қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айтып, төбелесуге, дауыс көтеруге болмайды.

8. Оқушы сабақтан кейін міндетті түрде үйіне баруға тиіс.

9. Кітапханада, асханада бекітілген оқушы ережесіне сәйкес іс-әрекет етуі тиіс.

10. Мектеп ішінде оқушыларға ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынады.

11. Сағат кешкі 9:00-ден кейін оқушыға ата-анасыз немесе туғандарынсыз көшеде бейсауат жүруге тыйым салынады. (жазғы демалыста сағ.10:00-ден кейін)

Қалта телефондарын мектепке пайдалануға тыйым салынады.
Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, оттық, үшкір заттар, газ құтын, қару (газдық, пневматикалық немесе имитациялық), ойын қарттарын әкелуге рұқсат етілмейді.
Сағыз шайнауға мектепте тыйым салынады.
Мектеп ішінде сыртқы киіммен, бас киіммен жүруге болмайды.
Сыртқы киімнің қалтасында ақша, кілт, т.б. құнды заттарды тастауға болмайды.
Мектептен тыс жоспарланған іс шаралардан басқа уақытта оқушы сабақтан кейін 20 минуттан соң мектептен шығуы керек.
Оқу кезінде оқушыларға кезекші мұғалім мен кезекші әкімшіліктің рұқсатымен ғана мектептен шығуға болады.

                               Талаптар орындалмаса төмендегідей шара қолданылады

1.Мектептің ережесі мен заңына оқушы бағынбаса, ауылдық әкімшілікке шағым жазылып инспектор шара қолданады.

2.Біреудің құқығына қол сұқса, әлімжеттік жасаса, заң алдында жауап береді.

3.Себепсіз сабақ босатқан оқушы ар-ұждан кеңесінің шешімі бойынша жазаланады.

Мектеп формасы туралы заң

1. Сабақ уақыттарында 2-11 сынып оқушыларында апта бойы мектеп формасы қатаң сақталады, әсіресе дүйсенбі күні. Сыртқы киімі: мектеп формасы (үсті – ақ, асты - қара). Түрлі әшекейлерді тағуға тыйым салынады.

А) Дүйсенбі күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» тобының мүшелері (2-11с) галстук киюге тиіс.

Ә) Ұлдар дүйсенбіден басқа күні бір түсті жейде киюге құқылы.

Б) Қыздар ақ пен қара түсті киім, яғни юбка және блузка , тек классикалық шалбар киюге құқылы.

В) Футболка киюге (дене тәрбиесінен басқа уақытта) қатаң тыйым салынады.

2) Дене тәрбиесі сабағында міндетті түрде форма болуы тиіс. Дене шынықтыру сабағында спорт аяқ киімін кию керек. Арнайы спорт киімі жоқ оқушылар дене шынықтыру сабағына жіберілмейді, сол себепті сабақты босатқаны себепсіз болып есептелінеді

А) 1- сынып оқушыларына дене тәрбиесі сабағы күні спорт формасымен келуге болады, тек дүйсенбіден басқа күні.

3) Үйірмелерге, секцияларға, тақырыптық кештерге, дискотекаларға, мектептен тыс іс-шараларға ұнаған киіммен келуге болады.

4) Ауа райының құбылуына байланысты әр оқушыда 2 аяқкиім міндетті түрде болуы тиіс. Күзгі және көктемгі уақытта барлық сынып оқушылары екінші аяқ киім әкелуге міндетті. Екінші аяқ киімі жоқ оқушылар сабаққа жіберілмейді.

5) Спорттық аяқ киімдер, әсіресе кеды тек дене тәрбиесі сабағында киюге рұқсат.

6) Оқушы киімін үнемі үтіктеп, таза күйінде ұстауға тиіс.

7) Біреудің киімін жыртып, шимайлап не былғайтын болса қаржылай есеп айырысады (екі жақтың келісімі бойынша).

Егер талаптар орындалмаса төмендегідей шара қолданылады

1) Оқушы үйге барып киім ауыстыруға міндетті және тәртіп бұзған оқушы кешіккен оқушылар тізіміне кіреді.

2) 3 ескертуден кейін ата-ана шақырылып, жеке сұхбат жүргізіледі.

Вандализм немесе мүлікті бұзу, бүлдіру, сындырумен күресу туралы заң.

  1. Мектеп мүлкіне (құрал-жабдықтарына) нұқсан келтіруге тыйым салынады;
  2. Сынып жиһаздарына жазып, шимайлар түсіруге, әдейі сындыруға;
  3. Достарыңның, сыныптастарыңның, жалпы мектеп оқушыларының оқулық-дәптерлерін жыртып-шимайлауға;
  4. Кітапханадан алған оқулықтарды жыртуға, жоғалтуға, сызып- шимайлауға, кірлетуге;
  5. Безендірілген мектеп стендтерін бүлдіруге, жыртуға;
  6. Мектептен тыс жерлерде, қоғамдық орындарда, бөтен адамдардың үйлерінің маңайында затын сындыруға, рұқсатсыз алуға, бұзақы қылықтар жасауға болмайды.

Мүлікті әдейі сындырған кінәлі оқушы міндетті:

  1. Шаруашылық бөлімімен бекітілген сынған, бүлінген затты ретке келтіруге(жөндеуге), немесе құнын төлеуге;
  2. Сабақтан кейін немесе бос уақытында тәртіп штабының белгілеген уақытына, мерзіміне сәйкес мектеп үшін жұмыс істеуге;
  3. Мүлікке байқамай зиян келтірген немесе сындырған болса, кінәлі оқушы мүліктің орнын толтыруға немесе төлеуге міндетті.

Себепсіз сабақ босату туралы заң

  1. Себепсіз сабақ босатуға мүлде болмайды.
  2. Оқушы отбасына байланысты бір жағдай туындаса, сынып жетекшісінен сұрануға тиіс.
  3. Ауырған жағдайда міндетті түрде ауруханаға тіркелу қажет.
  4. Жиі-жиі сұранып, сабақ үдерісіне нұқсан келтіруге тыйым салынады.
  5. Сабақ үстінде денсаулығың сыр беретін болса, міндетті түрде медбикеге бару керек.
  6. Жиі –жиі сылтау айтып, анықтамалар ала беруге болмайды.
  7. Жиі кешігетін оқушылар мектеп әкімшілігіне түсініктеме беруге шақырылуы мүмкін

Егер талаптар орындалмаса төмендегідей шара қолданылады

  1. оқушы сабақты белгілі бір себептерге байланысты босату керек болса, мұғалімге алдын ала себебін ашық айтып түсіндіруі қажет.
  2. Сабақты босату үнемі орын алған жағдайда ар –ұждан кеңесіне осы сұрақты қойып, бұл сыныпта сабақ беретін мұғалім еңбегіне нұқсан келтіргенін оқу бөліміне, мектеп кеңесіне жеткізуге құқығы бар.
  3. Оқушының денсаулығы нашарлап, ем алу қажет болса анықтама әкелуі тиіс.

 

 



Каментиков Ержан Кайратович директор КГУ Кишкенекольской казахской школы-гимназии

Ваш любимый предмет:

Голосовать

  • За месяц70
  • За неделю12
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки